Бағдарламаны басқару тобының клиент құрылғыларына орнату

Бағдарламаны басқару тобының клиент құрылғыларына орнату үшін:

  1. Қажетті басқару тобын басқаратын Басқару серверіне қосылыңыз.
  2. Консоль ағашында басқару топтарын таңдаңыз.
  3. Жұмыс аймағында Тапсырмалар қойыншасын таңдаңыз.
  4. Тапсырма жасау түймесі бойынша тапсырманы жасау шеберін іске қосыңыз.

    Жаңа тапсырма жасау шебері іске қосылады. Содан кейін, шебердің нұсқауларын орындаңыз.

    Жаңа тапсырма жасау шеберінің Тапсырма түрін таңдау терезесінде, Kaspersky Security Center Басқару сервері түйінінде Бағдарламаны қашықтан орнату тапсырма түрін таңдаңыз.

    Жаңа тапсырма жасау шеберінің жұмысы нәтижесінде, таңдалған бағдарламаны қашықтан орнатудың топтық тапсырмасы жасалады. Жасалған тапсырма басқару тобының жұмыс аймағында, Тапсырмалар қойыншасында көрсетіледі.

  5. Тапсырманы қолмен іске қосыңыз немесе тапсырма параметрлерінде көрсетілген кестеге сәйкес оның іске қосылуын күтіңіз.

Қашықтан орнату тапсырмасын орындау нәтижесінде таңдалған бағдарлама басқару тобының клиент құрылғыларына орнатылады.

Басына оралу